• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Сенат 26 Маусым, 2024

Сенат төрағасы жасанды интеллект саласының сарапшысымен тілдесті

115 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев жасанды интеллект саласы бойынша әлемдік деңгейдегі сарапшы, Сингулярлық университетінің негізін қалаушы және атқарушы директоры, «Exponential Organizations» бестселлерінің авторы, елімізге Алматыда өтетін «New Vision: Бизнес күші» атты жаһандық бизнес-форумға қатысу үшін арнайы келген Салим Исмаилмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәжіліс отырысында депутат Екатерина Смышляева жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі туралы мәселені көтерді. Оның айтуынша, аймақтарда жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру кезінде жүздеген шақырым жол жүру қажет. Бұл ретте әлеуетті жүргізушілердің контингенті өсіп келеді.

Кездесу барысында тараптар жаһандық үрдістер мен ЖИ технологияларының елдің экономикалық дамуына тигізетін әсері талқыланды. Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда инновацияларға негізделген жаңа экономикалық модель құру жолында ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ел экономикасын әртараптандыру жолында нақты шаралар қолға алынды. Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, мұнай химиясы, көлік және логистика, туризм және ауыл шаруашылығы сияқты секторларға баса мән беріліп отыр. Біздің мақсатымыз – жалпы ішкі өнімді екі есеге ұлғайту және оны 2029 жылға қарай 450 миллиард долларға жеткізу. Қазақстан іскерлік ахуалды жақсарту бағытында айтарлықтай ілгеріледі. Бұған салық заңнамасын тұрақтандыру және инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасау сияқты маңызды қадамдардың арқасында қол жеткізілгенін атап өткен жөн», деді Сенат төрағасы.

Сарапшылардың болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай ЖИ-дің әлем экономикасына қосатын үлесі 16 трлн долларға жетпек. Осыған байланысты кездесуде жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру және елімізде осы салада мамандар даярлау барысы сөз болды.

Салим Исмаил Мәулен Әшімбаевқа ЖИ технологияларына қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстанның аталған саладағы тәжірибесін зерделегісі келетінін айтып, негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Салим Исмаил – жасанды интеллектті қолдану бойынша ірі әлемдік компанияларға арналған стратегиялар әзірлеу және бірқатар Үкімет пен Мемлекет басшыларына осы бағытта кеңес беру ісінде тәжірибесі мол, білікті сарапшы.