Абай облысының Аягөз ауданында жаяу жүргіншілер жолағында мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кеткен. 35 жастағы полицей сол жерде көз жұмды, деп жазады Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Toyota көлігін тізгіндеген жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолдан өтіп бара жатқан полицейді қағып кеткен, кейін тоқтамастан көзілдірік сататын дүкеннің ішіне бір-ақ кірген.
Марқұм Аягөз ауданы полиция бөлімінде 2009 жылдан бері анықтаушы болып қызмет еткен.
Жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.