Коммерциялық ұйымдардың кеңселерінен ақша ұрлауды кәсіп қылған қылмыстық топ ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Қаскөйлердің Астана және Тараз қаласындағы ұрлық фактілеріне қатысы бары анықталды. ІІМ мәліметінше, күдіктілер әр қылмысқа мұқият дайындалып, бейнебақылау камералары мен басқа да техникалық күзет құралдарына қарамай әрекет еткен.
Атырау, Алматы, Түркістан облыстарынан келген үш күдікті бұрын мүлік ұрлағаны үшін сотты болған.
Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр.