• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Шілде, 2024

Бойжеткенді зорламақ болған қылмыскер Грузиядан елге қайтарылды

90 рет
көрсетілді

Бас прокуратура мен Интерпол Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бойжеткенді зорламақ болған қылмыскерді Грузиядан экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.

Ол 2020 жылы Шымкент қаласында бойжеткенді зорлауға оқталған. Жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып кеткен.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танығанмен, қылмыскер шетелге қашып, бой тасалаған.

Халықаралық іздеуде болған тұрғын 2023 жылдың қазан айында Грузияда ұсталды.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша грузиялық тарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды», делінген Бас прокуратура хабарламасында.