Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны ел шаруаларына 3,9 млрд текше метр су жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазсушар» филиалдары:
Қызылорда облысы бойынша - 1,8 млрд текше метр суармалы су; Түркістан облысы бойынша- 982 млн текше метр су; Жетісу облысы бойынша - 408 млн текше метр су; Қ.Сәтбаев атындағы канал бойынша - 224 млн текше метр су; Жамбыл облысы бойынша - 210 млн текше метр су; Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы бойынша - 143 млн текше метр су; Батыс Қазақстан облысы бойынша - 118 млн текше метр су; Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 58 млн текше метр су; Қарағанды облысы бойынша - 11 млн текше метр су; Ақтөбе облысы бойынша - 6,5 млн текше метр су; Қостанай облысы бойынша - 5 млн текше метр суармалы су; Павлодар облысы бойынша - 3,75 млн текше метр су; Ақмола облысы бойынша - 1,2 млн текше метр су; Атырау облысы бойынша - 0,47 млн текше метр су жіберді.