Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 9 пайызы атқаратын лауазымдарына сәйкес келмеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алексеев полицейлерді аттестаттау нәтижелері туралы айтты.
Оның сөзіне қарағанда, аттестаттаудан өткен қызметкерлердің 9 пайызы атқаратын лауазымдарына сәйкес емес деп танылған. Олардың лауазымы төмендетіледі немесе басқа қызметке ауыстырылады.
Сонымен қатар, ол полицейлердің 12%-ы кадрлық резервке қабылдау үшін ұсынылғанын, 79%-ы өз лауазымдарына сәйкес келетінін айтты.
Басқарушы лауазымдарды атқаратын полиция қызметкерлері 2024 жылдың соңына дейін аттестаттаудан өтеді. Биыл қызметкерлер алғаш рет Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тестілеу орталығы базасында заңнаманы білу және логикалық ойлау деңгейін анықтау тестілеуінен өтеді.