• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Заң 19 Шілде, 2024

Мәмілені жарамсыз деп тану

118 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының экономикалық соттарында мәмілелерді жарамсыз деп тану тәжірибесі – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Мәмілелердің жарамсыз­дығына байланысты даулар сот тәртібімен шешілуге тиіс, өйткені Азаматтық іс жүргізу кодексінде де, басқа заңдарда да мұндай дауларды шешудің бас­қа тәртібі көзделмеген.

Мемлекеттік кірістер органдары шағымдарды беру ке­зінде салық органдарының ақ­параттық жүйелерінен алын­ған мәліметтерге негізделген жанама дәлелдемелерді көбі­рек пайдаланады. Көп жағдайда ком­паниялардың нақты эконо­ми­калық қызметін білу үшін контрагенттерге сұраныс жасау жұмыстары жүргізілмейді.

Нақты салықтық тексерулер жүргізілмей, өндірістік үй-жайлар ретінде пайдаланылатын мүліктер, еңбек ресурстары, қажетті машиналар мен жабдықтар, жылжымайтын мүлік болмағандықтан, келісім жүргізу мүмкін емес деген қорытынды жасалады. Қазіргі уақытта негізгі емес шы­ғындарды үнемдеу және бизнестің тиімділігін арттыру үшін компанияның белгілі бір функцияларын (бизнес-үде­рістерін) мамандандырылған сыртқы мердігерге беру әдіс­те­рі жиі қолданылып жатқаны­на назар аударған жөн. Бұл жағ­дайда кәсіпкерге жалдамалы қызметкерлер штатын ұстаудың қажеті жоқ.

Салық органдары камерал­дық бақылаудың нәтижелері бо­­­йынша бұзушылықтарды та­у­ып, компаниялар арасындағы мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап қоюы мүмкін. Қазіргі уақытта осы санаттағы істер бойынша экономикалық соттарда істерді қарау тәртібін қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Контрагенттердің қарсы салық тексерулерінің нәтижелері үлкен рөл атқара алады. Тексеру есептері міндетті түрде жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету туралы ақпаратты көрсетуі керек. Бар фактілер құжаттармен, сондай-ақ компания қызметкерлерінің түсініктемелерімен расталуы керек.

Негізгі мәселе – мемлекеттік кірістер органдары келісім жасау белгілерінің толық және объективті мән-жайларын алу үшін тексеру жүргізу бө­лігінде салық органдарының барлық құралын пайдалан-бауында.

Тәжірибеде салықтық мін­­деттемелерді адал орындау қағидатына тиісті көңіл бө­лін­бейді. Тексеру кезінде са­лық міндеттемелерінің бұзы­луы көрсетілуі керек. Салық орган­дарының мойнына жіберілген кемшіліктерді дәлелдеу жүк­те­леді, ал барлық орын алған кемшілік салық төлеушінің пайдасына түсіндіріледі.

Кәсіпкерге ресми талаптар қоюды іс жүзінде қолдануды болдырмау үшін салық органы салық төлеушінің іс-әрекетін бірқатар белгілі бір критерий бойынша бағалауы қажет. Мін­деттемені орындамау фак­ті­сін анықтаумен қатар, салық міндеттемесін заңсыз азайту мақсаты көзделгенін көрсететін бұлтартпас дәлелдерді дәлел ретінде келтіру керек. Сондай-ақ контрагентті жосықсыз және сенімсіз деп сипаттайтын бел­гілерді салық төлеушінің өзі білді ме немесе білу керек пе, соған қарап назар аудару қажет.

Мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талаптар бойынша істерді қараудың тиімділігін арттыру мақсатында: мұндай талаптар экономикалық соттарға түскен кезде азаматтық іс өн­діріске қабылданғанға дейін салық төлеушілер контрагенттің сенімділігі мен адалдығын тексеру бойынша қабылдан­ған шараларды есепке алу бо­йынша мемлекеттік кірістер органдарының іс-әрекеттерін сүзгіден өткізіп, нәтижесінде, мәміленің жарамсыздығын дә­лелдейтін барлық мүмкін бо­ла­тын бақылау механизмінің қол­данылғандығына жіті назар аударып, тексеру керек.

Мемлекеттік кірістер органдары жосықсыз салық төлеу­шілерге ықпал етудің бар­лық қолда бар тетігін пайда­лан­ғандықтан, сот органдарына жү­гіну мәжбүрлі шара болып саналады.

Жандос ЕСЕНОВ,Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің басшысы