• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Шілде, 2024

Senat Open шахмат турнирі: «Орталықтың» 25 үміткері белгілі болды

142 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының шахмат бойынша Senat Open ашық кубогінің жартылай финалдағы бес турнирінің бірі Қарағандыда өтті.

Парламент Сенатының аясында Қазақстан шахмат федерациясы алғаш рет ұйымдастырған турнирге барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Қарағандыда өткен жартылай фи­налда Астана, Қарағанды, Ұлытау облыстарының іріктеу кезеңдерінің жеңімпазы болған «Орталық» өңі­рін­дегі шахматсүйер қауымның 75 өкілі бақ сынады. Жартылай финалдық ойындардың ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі, Қарағанды облыстық мәслихатының және Қа­зақстан шахмат федерациясының өкіл­дері қатысты.

9-тур рапид қорытындысы бойын­ша Senat Оpen финалына қатысу үшін «Орталық» өңірінің жиырма бес өкілі анықталды. Сондай-ақ олар­дың ішіндегі үздік ойын көрсет­кен депутаттар, журналистер, қоғам бел­сенділері, әйелдер мен 60 жастан асқан қатысушылар арнайы сертификатпен марапатталды.