• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Қарағанды ​​облысындағы ірі жол апаты: үш көлік соқтығысып, адамдар мерт болды

32 рет
көрсетілді

Қарағанды ​​облысындағы Алматы-Екатеринбург тасжолында үш көлік соқтығысып, адамдар мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Қарағанды ​​мен Балқаш арасында болып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 10 адам түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды.

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік оқиға орнынан түсірілген видео тарады.

- Жол апаты сағат 15:00-де 928-шақырымда Шопа елді мекенінің маңында болды. Toyota Prado, Hyundai Sonata және Toyota Avensis көліктері соқтығысты, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.