• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Энергетика 26 Шілде, 2024

Жасыл энергия жақындап келеді

101 рет
көрсетілді

Баламалы энергия көздеріне деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. Энергияға қоса экология мәселелерін шешуге де қабілетті жоба Ұлытау облысында қарқынды дами түсті. Қазір облыс бойынша бұл бағыттағы бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр.

Өткен жылдың мамыр айында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары кезінде бірнеше құжатқа қол қойылған еді. Қазіргі кезде нақты жүзеге аса бастаған жел энергиясын өндіруге ба­ғыт­талған жобалар да  – сол сапардың жемісі.

Қазан айында Ұлытау облысы әкімді­гін­де отандық «ТехноГрупСервис» ЖШС және қытайлық «Sinohydro Engineering Bureau Machinery and Equipment Co.Ltd» ком­па­ния­ларының арасында ме­морандумға қол қо­йылды.

Меморандум бойынша Жаңаарқа ауданында жел энер­­­гетикалық стансасын салу және Жезқазған қа­ла­­­сын­да сол стансаларға қа­жетті мұнаралардың металл конструкция­ларын өндіру көз­дел­ген еді. Жобаны іске асыру үшін Жаңаарқа ауданында 20 мың гектар, ал Жезқаз­ған­дағы зауыт құрылысы үшін 20 гектар жер телімі бөлін­ді. Меморандумға қол қойылғаннан кейін Жезқазғанда салынатын зауыттың орны белгіленіп, салтанатты жағдайда капсула салынды.

Бұл инвестициялық 2 жоба­ның­ жалпы құны – 489 млрд теңге. Стан­­са жы­­лы­­на 3,4 млрд кВт/сағ. энер­­­­­­­­гия өнді­­рет­ін болады. Бұл об­­лыс­тың қа­­же­тін толық­­тай өтейді.

Ал жел стансаларына қа­жетті мұнаралар шыға­ратын зауыт жылына қуаттылығы 500-600 мегаватт құрайтын 100 мұнара шығарады. Қос жоба толық пайдалануға берілгенде ең кемі 300 тұрақты жұмыс орны пайда болады.

Бұлардан тыс қазіргі кезде Жезқазған қала­сы­ның маңында құны 24,5 млрд теңгені құ­райтын тағы бір инвестициялық жоба қолға алынды. Қуаты 100 МВт жел электр стан­са­сы­ның құрылысын қытайлық компаниямен бірге «Mezgilder Qushteri» ЖШС атқарып, жобаны белгіленген уақытында пайдалануға беруді қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Негізгі станса Жезқазғанда, ал қосалқы станса Сәтбаев қаласында орналасады. Жел стансасы пайдалануға берілген кезде мұнда 11 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Жасыл энергия туралы аз айтылған жоқ. «Құлақ естігенді көз көреді» демекші, елімізде, соның ішінде Ұлытау облысында баламалы энергия көздерін пайдалануға көшу қазір­дің өзінде басталды. Бұған – жоға­ры­дағы жүзеге асырылып жат­қан жобалар айқын дәлел.

«Жасыл энергияның тиім­ділігі көп. Біріншіден, эко­логияға зиян келтірмейді. Екін­шіден, арзан энергияға қол жеткізетін боламыз.Үшін­ші­ден, артық энергияны көрші облыстарға сатуға да мүмкіндік бар. Ал жел стансаларына қа­жетті құрылғыларға, яғни мұнараларға сұраныс жақын ше­тел­дерден де түсіп қалуы мүмкін. Мұның бәрі облыс экономикасын дамытуға өзінің оң әсерін тигізетін болады», дейді «Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ басшысы Ғазиз Төлеуов.

Уақыт әрқашан өзінің жа­ңалығын ұсы­на­тыны рас. Жасыл энергия да – соның бірі. Ендеше, ғылымның, техно­логияның же­тіс­тіктерінің нәтижесі саналатын жаңа­лық­тар­дың игілігін көре білгенге не жетсін.