• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:40

Айбек Оралбай Олимпиадада қарсыласын нокдаунға түсірді

46 рет
көрсетілді

Боксшы Айбек Оралбай Париждегі Олимпиада ойындарындағы бірінші жекпе-жегін өткізді, деп жазады Egemen.kz.

92 килоға дейінгі салмақта бақ сынап жатқан отандасымыз нигериялық Адам Олаорені жеңді.

Айбек қарсыласын бірінші раундта нокдаунға да түсірді. Одан кейін де шабуылда ширақ, қорғаныста мығым болды.

Отандасымыз ширек финалда Хулио Сезар Ла Круз – Лорен Альфонсо Домингес жұбының жеңімпазымен кездеседі.