Аса ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аса ауыр салмақ дәрежесінде (+92 келі) жарыс жолына шыққан Қамшыбек Қоңқабаев испаниялық Аюб Гадфа Дриссиден жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.
Еске салайық, бұған дейін Мұхамедсабыр Базарбайұлының ширек финалға шыққанын хабарлаған едік.