• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Олимпиада Бүгін, 09:43

Париж-2024: Қазақстан бокс төрешілерінің үстінен шағым түсірді

43 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіндегі қорытынды есепке  байланысты Paris boxing Unit - ке  шағым түсірді. Бұл туралы комитеттің Бас хатшысы Жанар Утешова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

ҰОК Париж Олимпиадасында 63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді.

«Біз бұл нәтижемен келіспейміз және PBU-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан Халықаралық олимпиадалық комитет те хабардар. Біздің ойымызша, ел боксшысы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін еместігін де түсінеміз. Алайда біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз», деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева.

Айта кетейік, бұл шағым өткен кездесудің нәтижесін өзгертпейді. Десе де төрешінің бұрмалауы айғақталса ол бокс бәсекелерінде қазылық етуден шеттетіледі. 

ҰОК бұған дейін де Қазақстан боксшыларының жекпе-жегінде төрелік еткен жекелеген төрешілерге қатысты PBU-ға ескерту жасаған. Комитет ескерту қабылданып, қазіргі таңда зерттеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.