• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 02 Тамыз, 2024

Биотехнология саласындағы бірлескен жоба

93 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Қы­тай ғылым мен тех­но­логиядағы серіктес­тіктің тамырын те­реңдетпек. Бұл туралы отандық ғылыми орталықтар биотехнология, геномдық тех­­нологиялар, моле­ку­лярлық диагностика саласындағы жетекші қытайлық компаниялармен әріптестікті нығайтуға және ын­ты­мақтастықты ілгерілетуге бағыт­тал­ған кездесуде ег­жей-тегжей айтылды.

Президенттің ғылым және инновациялар мәсе­лелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закария, Сырт­қы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, СІМ Ин­вес­тиция комите­тінің төраға­сы Ғабидолла Оспанқұлов, «QazBio­Pharm» ұлттық холдингі» АҚ бас­шылығы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо­мен ресми кездесу өткізді. Келелі кеңесте холдинг пен қытайлық «Beijing Genomics Institute» (BGI) компаниясы арасындағы серіктес­тік туралы, сондай-ақ екі жақтың ғылыми бағыт­тағы атқарып жатқан нәти­желі жұмыстары сөз етілді.

Бұдан бөлек, екі ел ара­сын­дағы ғылыми әлеует­ті одан әрі дамыту мақ­сатында биотехнология, биологиялық қауіпсіздік, ветеринария саласындағы кадрларды даярлау, медицина сала­сындағы зерттеулер және ғылыми жобаларға инвес­тиция тарту секілді көптеген мәселе талқы­ланды.

Сонымен қатар Қытай ел­шісі холдингтің еншілес ұйы­мы Ұлттық биотехнология орта­лы­ғының базасында BGI компа­ниясымен бірлесіп ашқан, заманауи құралдармен жабдық­талған, генетикалық, онко­­логиялық ауру­ларды қоса алған­да, түрлі ауру­ларды диагнос­тика­лаудың инно­вациялық әдісте­рін әзірлеуге арналған Astana Geno­mic Centre (AGC) генетикалық зерт­хана­сының жұмысымен танысты.

«Qazbiopharm» ұлттық хол­дингі Қытаймен бірлескен жобаларын таныстырса, Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов қос елдің бірлесіп ашқан геномдық зертханасы туралы толығырақ мәлімет берді. Айта кету керек, қазір қытай ғылы­мы адамзаттың генетикасын терең зерттеумен айналысуға ден қойып отыр. Ал BGI компаниясы – әлем бойынша осы салада жоғары же­тістіктерге жетіп отырған компа­ниялардың бірі. Бүгіннің өзінде компанияның ғылыми жетістіктерін көптеген ел мойындап отыр. Осылай деген комитет төрағасы: «Генетика – адамдардың денсаулығына әсер етуші фактор. Сондықтан бұл саланы зерттеу арқылы түрлі аурулардың алдын алуға болады. Осы мақсаттарға жету үшін елімізге зертхана аса қажет», деді.

Оның айтуынша, қазақ-қы­тай бірлескен жобалары отан­дық ғылымның дамуына септігін тигізеді. Сол үшін қытай ғылымы­ның жеткен жетістіктерін еліміздің ғылымына да енгізу көзделіп отыр. «Осыған дейін де Қытаймен бірлескен бірне­ше жобамыз бар. Оның ішінде мұнай саласы мен ауыл шаруашылығы қамтылған. Ендігі жерде BGI компаниясымен тағы бір жобаны бастағалы отырмыз. Жобаның аясында Арал маңындағы құрғаған жерлердің ылғалдылығын сақтап, реагенттерді себу ар­қылы жасылдандыру көз­деледі. Мұндай тәжі­рибе дүние жүзінің бірне­ше аймағында сәтті жүзеге асқан. Сондықтан біз де қы­тайлық әріптестер­мен бірге келесі жылы көктемнен бастап Қызылорда аумағына жасылдандыру технологиясын енгізуді мақ­сат етіп отырмыз. Қазіргі уақытта жер таңдалып қойды. Де­генмен Арал маңына микро­ағзалар мен жасыл шөпті өсіріп шығару біраз уақыт алатыны белгілі. Ғылыми жұмыс 1-2 жылға созылады», дейді Ғ.Оспанқұлов.

Ал «Qazbiopharm» ұлттық холдингінің басшысы Ерғали Әбдірайымов геномдық зертхана қатерлі ісік пен тұқым қуа­лайтын аурулардың алдын алу­ға көмектесетінін айтады. Оның сөзінше, осы күні аурудың түрі көп. Сол үшін зертхана тұқым қуалайтын аурулардың алдын алуды мақсат етіп отыр. Бұл үшін жүкті әйелдерге диагностика жасау маңызды. Бұдан басқа, зертхана тік ішектің қатерлі ісігін емдеумен айналысады. «BGI компаниясының құрылғылары әлемдегі ең озық технологиялар болып саналады. Біз осындай жаңа құрылғылар арқылы қатерлі ісіктің белгісіз түрін ерте анықтай аламыз. Бұл – отандық денсаулық сақтау саласы үшін ғана емес, дені сау ұлтты қалыптастыру үшін таптырмас құрал», деді Е.Әбдірайымов.

Өз кезегінде сөз алған Қытай­дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо мұндай екіжақты бірлескен жоба­лардың жүзеге асуына қос елдің көшбасшыларының кезде­сулері де тың серпін бергенін тілге тиек етті. Осылай деген ол қазақ-қы­тай ғылымындағы бірлескен жоба­лар әлі де жалғасын табатынын жеткізді. Жоғары деңгейде жасалған зертхана жұмысымен танысқан елші мұндай орталықтар ғылыми жетістікті арттырып, қарапайым халыққа да пайдасын тигізеріне сенім білдірді. Бірлескен жобалар екі ел үшін де маңызды. Оның айтуынша, Қазақ­стан мен Қытайдың ынты­мақ­тастығын арттыру ба­ғытында атқарылған көпте­ген жоспар бар. Алдағы уақыт­та зертхананың қыз­мет­керлері Қытайда білік­тілігін шыңдап, отан­дық ғылымның алға жыл­жуына атсалысса, ха­лық ден­­сау­лығын жақсартуда айтар­­­­лық­тай көмек болары анық.