• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қылмыс 03 Тамыз, 2024

Атырауда алаяқтық жолмен несие рәсімдеген күдікті ұсталды

101 рет
көрсетілді

Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бірнеше тұрғынның атынан несие рәсімдеген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы күдікті банк қосымшасы арқылы 7 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Атырау Облысы Полиция Департаменті (@police.atyrau)