«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы әлі жалғасып жатыр. Шахтинск қаласында орман іші, жол жиегі қоқыстан тазартылды.
«Таза орман» деп аталған акцияға еріктілер, спортшылар, «Жасыл ел» жасағының жас сарбаздары қатысты.
Шахтинск орман алқабының ауданы 722 гектарды құрайды. Бұл қала – тұрғындарының демалуға, спортпен шұғылдануға арналған сүйікті орны. Дегенмен өзінен қалған қалдықты тазалап жүру мәдениеті екінің біріне бұйырмағаны көбімізді қынжылтады.
Қала, оған жақын кент, ауыл жастарының бастамасымен орманға ағаш егу, қоқыс-қалдықтан тазарту жұмыстары бойынша акциялар жиі өтеді.
– Орман – дала байлығы. Бүгін жастарменен жалындап жүріп жап-жасыл аймағымызды тазарттық. Акцияның негізгі мақсаты да – сол. Ортаның табиғатқа деген жанашырлығын арттыру, – дейді Шахтинск қаласы Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Алексей Варзаев.
Шахтинск қаласында «Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері 100-ден аса еңбек ұжымы мен 10 мыңға жуық тұрғын қатысты. 15 мың тоннадан аса қалдық сыртқа шығарылып, саябақ, алаң, ескерткіштер аумағы тазартылды. Мыңнан көп көшет егілді.
Қарағанды облысы,
Шахтинск қаласы