• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 11:00

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

29 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйок пен барша мажар халқын ұлттық мерекесі – Әулие Иштван күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, стратегиялық серіктестік барлық сала бойынша жүйелі әрі нәтижелі түрде одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйоктың барлық игі бастамасына табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке тіледі.