V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының алғашқы жарыс күнінде қазақ күресінен спортшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша бозкілемге шықты, деп жазады Egemen.kz.
Іріктеу кезеңінде ерлер 55, 60, 66, 74 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде күш сынасса, әйелдер 48, 52, 56 және 60 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтап жатыр.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайында финалда жүлдеге таласатын спортшылар:
55 кг: Б.Төлепов (Қазақстан) - К.Оболбеков (Қырғызстан); 60 кг: Е.Бакшиев (Әзербайжан) - М.Берекетов (Қазақстан); 66 кг: Д.Тұқышев (Қазақстан) - М.Ширинов (Өзбекстан); 74 кг: Е.Хасанов (Әзербайжан) - Ж.Қожамбеков (Қазақстан).Әйелдер:
48 кг: Л.Асакеева (Қырғызстан) - А.Жылқыбаева (Қазақстан); 52 кг: С.Муродова (Өзбекстан) - Н.Азаматова (Қазақстан); 56 кг: А.Фатихова (Ресей) - Р.Нұрмахамметова (Қазақстан); 60 кг: Б.Құсақбаева (Қазақстан) - С.Лнияни (Польша).Бәсекенің «алтыны» үшін айқас Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Еске салайық, белдесулерді Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде ұсынады.