Сарыарқа даңғылынан бастап К.Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде С.Сейфуллин көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған байланысты 20 қыркүйек-2 қазан аралығында аталған учаске ішінара жабылады.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы көлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатынын атап өтті.
Басқарма тарапы жолдарда кептелістерді болдырмау үшін тұрғындар мен қонақтардан маршруттарын алдын ала жоспарлауды, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.