Әлеуметтік желіде 12 жастағы қыз 13-қабаттан секіріп кетті деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Желідегі ақпаратқа сәйкес, оқушы қыз қосымша сабаққа шығып кеткен. Алайда ол 13-қабатқа көтеріліп, секіріп кеткен.
Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«Бұл дерек бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Істің мән-жайы анықталып жатыр», дейді ПД өкілдері.
Полицейлер оқушы қыз «Синий кит» ойынын ойнады деген ақпаратты жоққа шығарды.