• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 Кеше

Жобаны білікті кадрлар жүзеге асырады -Наурызбай Байқадамов

58 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Қызылорда облысында жастармен және медицина қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атом энергетикасының артықшылығы мен Қазақстандағы осы саланы дамытудың келешегі кездесудің негізгі тақырыбы болды. Сенаторлар Қазақстанның ядролық энергетиканы дамытуға әлеуеті жеткілікті екенін және уранның мол қоры мен білікті кадрлары бар екенін атап өтті. Сырттан келетін электр энергиясына тәуелділіктің арта түсуі және тарифтің көтерілуі тиімді атом энергиясының қажеттігін көрсетеді.

«Күн сайын жаңа пайдалы және озық технологиялық құрылғылар, оның ішінде автомобильдер мен ұялы телефондар жасалады. Атом электр стансалары да тұрақты жөндеуден өтіп отырады. Үшінші буыннан кейінгі ядролық реакторлар өздерінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді және бірқатар елдерде сәтті қолданылып келеді»,  деді Наурызбай Байқадамов.

Руслан Рүстемов өз кезегінде құрылыс 5 жылдан 10 жылға дейін созылатынын және оның барысында көптеген жұмыс орындары ашылатынын, ол еліміздің әлеуетін едәуір арттыратынын атап өтті. Сенаторлар сондай-ақ Алматыдағы Ядролық физика институтының жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті және оның маңызды ғылыми жаңалықтары туралы айтып берді.

Соңғы жаңалықтар