• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 2024 06 Қазан, 2024

Алматыда әнұран ым тілінде орындалды

55 рет
көрсетілді

Ерекше іс-шара қаланың №6 Оқушылар үйіндегі дауыс беру учаскесінде өтті. Әнұран Түрксіб ауданының әкімдігі мен «Қазақстан саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бірлесуімен сурдоаудармашылардың көмегімен ым тіліне аударылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара аталған ауданда тұратын есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтарға әнұран арқылы патриоттық сезім сыйлады.

Референдум өткізілген күні сайлау учаскелерінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен онлайн режимде 76 сурдоаудармашы жұмыс істейді. Олар есту қабілеті нашар адамдарға сайлау ережесімен танысып, толық ақпарат алуға көмектесті.

Аталған бастама есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтардың сайлауға кедергісіз қатысуына мүмкіндік берді.