Талғардағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы алдымен әлеуметтік желіде хабарлана бастады.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Куәгерлердің сөзінше, үй тұтас өртеніп кеткен.
Бұл дерекке Полиция департаменті жауап берді.
12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үйлердің бірінде өрт болды.
Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып жатыр, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары алынды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Келіп түскен арызға сәйкес, 4 қазанға қараған түні Талғар ауданында қаза тапқан кәмелетке толмаған баланың отбасы күзетпен қамтамасыз етілген. Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», делінген ІІМ хабарламасында.