Астана полициясы 19 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған соң қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
- Оқиғаға қатысушылар анықталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық уәжі мен мәлімдемесі мұқият тексеріледі, – деп хабарлады полиция.
Бұл іс Астана полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.
Еске салайық, әлеуметтік желіде төрт адам 19 жастағы жігітті өлтіріп, 9-қабаттан лақтырып жібергені туралы ақпарат тарады.
Бұл жайлы қаза тапқан жігіттің анасы айтты. Оның сөзінше, төрт адам ұлын қинап өлтіріп, жоғары қабаттан лақтырып жіберген.