• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қазан, 2024

Қосшыда жоғалып кеткен қыз Семейден табылды

276 рет
көрсетілді

Бір апта бұрын Қосшыда жоғалып кеткен 16 жастағы қыз Семейден аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің дерегінше, 2008 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған Сәрсенова Ділназ Ерланқызы 19 қазанда жоғалып кетті. Ол үйден шығып, оралмаған. Телефонға жауап бермеген.

Жоғалған қыздың әкесі бастапқыда оны өз бетінше табуға тырысқан. Бірақ іздеу оң нәтиже бермеген. Сондықтан 21 қазанда ата-ана құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

Полиция қыздың үйден бірнеше рет кетіп қалғанын, бірақ кейін қайтып оралғанын анықтаған. Оған қоса, жасөспірім мүгедек.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қыз аман-есен Семейден табылды. Полиция қызметкерлері ата-аналардан балалардың, әсіресе, мектеп демалысы кезінде орналасқан жерін бақылауды күшейтуді сұрайды.