• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қараша, 2024

Қарағандының екінші тынысы ашылды

192 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жыл басынан бері өңірдің қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 113,1 пайызға жеткенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8 триллион теңгеден асқан. Ал оның 2,2 триллионы – өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Ең бастысы, облыс экономикасына құйылған инвестиция көлемі артып келеді. Жыл басынан бері құйылған инвестиция көлемі 679,1 млрд. теңгеден асқан, бұл былтырғы жылдың 9 айымен салыстырғанда 14,6%-ға артық.

Соның арқасында биылдың өзінде облыста екі жаңа кәсіпорын ашылған. Жыл соңына дейін жалпы инвестициялық құны 200 млрд. теңге болатын тағы 8 жоба іске қосылады. Олардың ішінде мыс шығаратын зауыт пен ферросилиция өндіретін зауытты айрықша атап өтуге болады. Жаңа кәсіпорындар 2626 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.