Қостанай облысында қолайсыз ауа райында мал іздеуге кеткен ауыл тұрғыны жоғалып, бес күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жоғалған ер адам жалдамалы жұмысшы.
- Қарабалық ауданы Славенка ауылынан 5 км қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде 1987 жылы туған ер адам мал іздеп кетіп, кейін байланысқа шығуды тоқтатқан. Алаңдаған жұмыс берушісі полициядан көмек сұрады, - деді ведомство.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі облысында жолдар жабылды
Ақтөбе облысында тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.
Ведомствоның мәліметінше іздестіру 5 қарашадан бастап жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметі, еріктілер, сондай-ақ кинологиялық есеп пен пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.
Департамент тұрғындарды әсіресе күзгі-қысқы ауа райының құбылмалы жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.