• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағзым 13 Қараша, 2024

Өнер – ғұмыр

48 рет
көрсетілді

Еліміздің хор өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан КСРО Халық әртісі Анатолий Молодовтың 95 жылдығына орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында концерт-фестиваль өтті. Осы орайда Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық хоры Алматыда өз өнерін көрсетті.

Қазақ КСР Мемле­кеттік хор капел­ласының репертуарында Анатолий Молодовтың жетекшілігімен Қазақстан ком­позиторларының көптеген кантаталары мен ораториялары пайда болды. Атап айтсақ, Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұ­ба­нова, Еркеғали Рахмадиев, Сыдық Мұхамеджанов, Базар­бай Жұманиязов, Мансұр Сағатов, т.б. бар. Классикалық музыка В.А.Моцарт, Дж. Верди, Г.Форе реквиемдері, Л.Бет­ховеннің «9-симфониясы», Н.Иомеллидің «Мизерере», С.В.Рахманиновтің «Весна», «Ли­тургия», «Всенощное бдение» сияқты шығармалармен толықты. Молодов қазақ және орыс халық әндерін, ара­лас хор мен балалар хор ұжым­да­рына арналған ұлттық ком­по­итор­лар­дың шығармаларын өңдеді.

Анатолий Молодовтың көп­теген шәкірттері мен ізба­сарлары ұстаздарын еске алып, өз шығармаларын арнады. Хормейстерді еске алу концерт-фестивалі Алматы фи­лар­­мониясының сахнасын­да Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, Е.Рахмадиев атын­дағы Астана қаласының Мемле­кеттік акаде­миялық филар­мониясының камералық хоры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық кон­серваториясының аралас хоры және Алматы қала­сындағы №79 мектеп-гим­назиясының «Бәй­терек» балалар хоры сияқты ұжым­дардың басын қосты.

Кеш барысында хор ұжым­да­рының көркемдік же­тек­­ші­лері және бас дири­жер­лері – Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткерлері Гүлмира Құт­ты­ба­дамова мен Бейім­бет Де­меуов, Елена Байыс­баева және Ян Рудковский оның хор өнерін дамыту жолындағы еңбегі туралы естеліктерімен бөлісті.

«Анатолий Васильевич – қа­зақ хор өнерін жаңа сапалы дең­гейге көтерген ал­ғашқы хор дирижері. Оның шәкірт тәрбиелеудегі әдістері әрқайсымыздың есімізде. Сольфеджионың вокалдық және хор мәдениеті бойынша сабақтары күнделікті капеллада өткізілді. Осының арқасында капелла үлкен ұжым ретінде қалыптасты. Ол Қазақстан композиторларының шы­ғар­машылық зертханасы, республикада ғана емес, бүкіл кеңес одағында танылған кантаталар, ораториялар, хор сюиталары мен миниатюралардың алғашқы орындаушысы болды», деді Г.Құттыбадамова.

Астанадан арнайы келген Е.Рахмадиев атындағы Мем­лекеттік академиялық филар­монияның камералық хоры А.Мо­­лодовтың хорға өңдеген «Арыс жағасында» (әні Ш.Қал­даяқов, сөзі М.Шаханов), «Про­ща­ние» (әні Ғ.Жұбанова, сөзі М.Цветаева) «Қарлығаш» (әні А.Жұбанов, сөзі И.Ма­та­қов), «Бы­вайце здоровы» (әні М.Лю­бана, сөзі А.Русак) шығар­ма­ларын шебер орындады.