• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Шымкент Бүгін, 10:37

Техникалық кадр даярлаудың маңызы

27 рет
көрсетілді

Шымкентте 14-15 қараша күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг – ICITE-2024» атты XI халықаралық конференция өтті. «Бейбіт­шілік және даму үшін» деген атаумен Дүниежүзілік ғылым күніне орай өткен басқосу жоғары оқу орны алаңында оффлайн және онлайн режімде ұйымдастырылды. Оған Ресей, Малайзия, Өзбекстан секілді елдердің ғалымдары қатысып, қазіргі заманғы өнеркәсіптік дамуға сай мамандар даярлау ісін ортаға салды.

Халықаралық конфе­рен­ция­ның мақсаты – ғылым, білім, медицина, биотехнология, химия­лық технология, құрылыс, құрылыс ма­те­риал­дары, агроөнеркәсіптік кешен, та­мақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі тех­но­­­ло­гиялары, механика, экология, таби­ғи ресурс­тарды рационалды қолдану, жа­ңар­­тылатын энергия көздерін, энергия үнем­­дейтін технологиялар және IT техноло­иясын пайдаланудағы зерттеулер нәтижесін талқылау.

Жиын барысында «Қазфосфат» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Еуропалық комиссия, Путра Малайзия университеті, Шеньян химия-технологиялық университеті, И.Каримов атындағы Ташкент мемле­кеттік техникалық университеті, Вулвер­хэмптон университеті, Эгей универ­ситеті, Иваново мемлекеттік политех­ни­калық университеті, Беларусь мем­лекеттік технологиялық университеті, Бела­русь ұлттық техникалық универ­си­теті, «Мәскеу энергетика институты» Ұлттық зерттеу университеті, Д.И. Мен­делеев атындағы Ресейдің химиялық-техно­логиялық университеті мен Санкт-Петер­бург мемлекеттік технологиялық инсти­ту­тының (техникалық университет) өкілдері баяндама жасап, заман талабына сай мамандар оқыту мен жаңа технология­лар жа­саудағы техникалық жоғары оқу орындарының маңызы мен рөлі туралы салмақты сөз сөйледі.

Мәселен, Путра Малайзия уни­­­­вер­­ситетінің ғалымы Мухаммад Мух Насир ауыл шаруашылығы саласындағы инно­­­в­а­циялық технологияларды пайда­ла­нудың артықшылығы туралы баяндады.

«Малайзияда 690 мың гектар күріш алқабы бар. Оларды суару үшін мол су керек. Сондықтан бұл жерде су үнемдеу технологиясын қолдану өте маңызды. Ал оны біз гидрологиялық модельдеу арқылы іске асырып жатырмыз. Мұнда жерасты сулары, жауын-шашын мөлшері, өзен-көл­дер­дің су толымдылығы бәрі-бәрі еске­ріледі», деді ол.

Жалпы, Путра Малайзия уни­вер­ситеті Оңтүстік-Шығыс Азияда орна­ласқан бұл елде ең үздік алғашқы 5 жо­­ғары оқу орын­да­рының қатарына кір­се, дүниежүзілік уни­верситеттер рей­тингінде 158-орын алады.

Бұдан бөлек, Ислам Каримов атын­дағы Ташкент мемлекеттік универ­си­тетінің өкілі Гүлнара Ихтиярова атал­ған техникалық жоғары оқу орнының мүмкіндігі туралы әңгімеледі. Бір ғасыр­дан астам тарихы бар университетте геология, бағдарламалау, цифрландыру, жасанды интеллекет, баламалы қуат көздері сынды мамандықтар бойынша студенттер білім алады. Сонымен бірге Жапонияның іргелі оқу орындарымен тығыз байланыс орнатылған. Соның нәтижесінде студенттер аталған универ­ситеттен бөлек Күншығыс еліндегі жоғары оқу орындарында да білім алып, тәжірибе жинайды. Университеттің ендігі мақсаты – әлемдегі ең озық жоғары білімді мамандар даярлайтын оқу орда­ларының қатарына ену.

Сондай-ақ конференция аясында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан, Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік және Дмитрий Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеттері арасында химиялық технология бойынша академиялық хаб құру туралы мемо­рандумға қол қойылды.

 

ШЫМКЕНТ