• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:22

Шерзат Болаттың ісі бойынша ұсталғандардың жақындары мәлімдеме жасады

31 рет
көрсетілді

Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ұсталғандардың туыстары алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желіде ұсталғандардың туыстары жасаған үндеудің бейнесі тарады.

Күдіктілердің жақындары видеода "балалардың кінәсі үшін" кешірім сұрады. Бірақ сонымен бірге марқұмның ағасы мен әкесін де жауапқа тартуды талап етіп отыр.

- Халықтан кешірім сұраймыз. Балаларымыз кінәлі, бірақ Нұрқанат (ағасы) мен Қаржаубай (әкесі) де жауапқа тартылуы керек. Сотта екі жақтың да әділ қаралуын сұраймыз. Бір жақты ғана кінәлауға болмайды. Мылтықты көлігінен Нұрқанат (ағасы) алып шықты. Жігіттерге қарай оқ жаудырды. Біреуінің жағын сындырды. Өздері мылтық пен пышақ алып шықты. Содан жігіттер көтеріліп кетті. Балаларымыз үшін кешірім сұраймыз. Біздікі дұрыс емес. Бірақ арандатпаса, бәрі тыныш үйлеріне қайтар еді, – дейді ұсталғандардың туыстары.

Сондай-ақ, олар видеоүндеуде балаларының "ол жаққа Шерзатты өлтіру үшін арнайы бармағанын және ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі емес екенін" айтқан.

 

      View this post on Instagram

A post shared by KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)