• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2015

Қостанай облысында есірткі заттарын алып өтудің 15 оқиғасы тіркелді

308 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 30 сәуір. «Қайрақ» шекара бекетіндегі  өткізу қызметінің қызметкерлері Екатеринбург қаласының 44 жастағы тұрғынын тоқтатты. Ол мінген автомобильді тексеру үшін Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері шақырылды. Машинадан  кептірілген марихуана табылды. Бұл туралы alau.kz хабарлады. Қостанай ішкі істер департаментінің басқарма бастығы Лев Квасенконың мәліметінше, Қостанай облысы өңіріндегі шекара бекеттерінен жыл басынан бері  есірткі затын заңсыз алып өтудің 15 оқиғасы тіркелген. Бұл  өткен жылдың осы мерзіміне қарағанда екі еседен атып кеткен. Соңғы жылдары жүргізушілердің есірткі шегіп алып рульге отыруы  жиі кездеседі. Жақында жол-күзет батальонының  полицейлері Лисаков қаласынан шығатын Лисаков–Октябрь тасжолында «ВАЗ-21150» машинасының  жолдың екі бетіне теңселіп бара жатқанын байқайды.  Оны тоқтатқанда 19 жасар жүргізушінің есріткі шегіп алғаны белгілі болды. Қостанай қаласында  заңсыз есірткі айналымы  бәсеңсімей тұр. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: alau.kz