• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

«Атыңнан айналайын, Қар­қаралы!»

18 рет
көрсетілді

Қарқаралыдағы Ш.Жандарбекова атындағы Мәдениет үйінде «Атыңнан айналайын, Қарқаралы!» атты ән кеші өтті. Кеште дәл осындай атаудағы ән жинақтың тұсауы кесілді.

Салтанатты кешке өнер мен мәдениет қайраткерлері, әр жылдары Қарқаралыға ән-жырын арнаған ақын, сазгер мен жезтаңдай әншілер қатысты.

Алыс-жақыннан келген меймандарға, әнсүйер қауымға аудан әкімі Әділжан Арғынов құттықтау сөзін жет­кізіп, лебізін білдірді.

Одан соң Мәди Бәпиұлы­ның әйгілі әнімен аталған «Атыңнан айналайын, Қар­қаралы!» ән жинағының тұ­саукесер рәсімі жасалды. Қар­­қаралының 200 жылдық тойы­на ерекше тарту-тарал­ғы болған ән жинақтың тұ­сауын Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткері Рым­бала Омарбекова, аудан басшысы Әділжан Арғынов, Қазақстанның мәдениет қай­раткері Қарлығаш Құспанова, бел­гілі композитор Қанат Мер­салимов кесіп, алпыстан астам ән жинақталған топта­маға сәт сапар тіледі.

Сахнада елге кеңінен та­нылған әсем әндер шырқалды. Әдемі әуендер туған жерді тербеді, тыңдарман қауымның жүрегін тебірентті.

Дәстүрлі ән өнерінің бү­гінгі алыбы Жақсыгелді Кема­лов бастаған Дәуренбек Әр­кенов, Сержан Мұсайын, Нұр­лытаң Саятқызы, Сәрсен Әбішев, Азамат Амантайұлы сынды таланттардың әніне құлақ салды.

«Салтанат» ән-би ансамблі­нің, «Қарқаралы әуендері» ан­самблінің, «Аңыз» хорео­гра­фия­лық би тобының, өнер мек­тебі өрендерінің, жергілікті өнер­паздардың бекзада өнеріне бек тәнті болып, қошемет білдірді.

Осылайша Арқаның інжу-маржаны атанған Қар­қаралыға арналған әндер жи­нақталып, ел ішіне таралып, тарихқа айналды.

 

Қарағанды облысы