• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Желтоқсан, 2024

Қайнардағы қуаныш

225 рет
көрсетілді

Нұра ауданы Қайнар ауылында – үлкен қуаныш. Өткен аптада жаңа әкімдіктің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Бұған дейін ауыл әкімдігі тозығы жеткен ғимаратта жұмыс атқарып келген еді.

Осы уақытқа дейін «Қай­нар» ЖШС меке­ме­сінің аядай ғана же­рін­де ауылдың учаскелік инс­пек­торы, ветинспекция маман­да­ры мен әкімдік мамандары жұ­мыс істеп келді. Содан ескі әкім­дік ғимаратын сүріп тас­­тап, қа­быр­ғасын кеңейтіп қай­та тұрғызды. Жоғарыда атап өт­кен қыз­меткерлердің әрбіріне жаңа мекемеден әрбірінің кіріп шығатын есігі бөлек кабинет берілді. Енді пошта маманы да осында отырады. Жаңа әкімдік барлық қажетті жабдықпен қам­тамасыз етілді.

Жаңа ғимараттың құрылы­сы­на мемлекеттік бюджеттен ­13 млн теңге қаражат бөлінді. Оны­­мен қоса «Қайнар» жауапкер­ші­лігі шектеулі серіктестігі ­22 млн теңге аударып, демеушілік ­көрсеткен.

Әкімдіктің лентасын аудан әкімі Бақытжан Мұқанов, «Қай­нар» ЖШС басшысы Сейітжаппар Нығ­метов пен Атымтай жомарт Қанат Отарбаев қиып, игі лебіз­дерін білдірді.

«Ынтымақ, бірлігі жарасқан ауылымызбен әрдайым мақтана­мыз. Осы бір шаруа көптен бері ел азаматтарының есінде жүр еді. Міне, жарқыраған жап-жаңа әкімдік ел игілігіне қыз­мет ат­қарады. Әкімшілік ауылымыз­дың жүрегі секілді. Өйткені бар­лық ауыл үшін жасалатын игі қыз­меттер осы жерден бастау алып, шешім табады. Ауылға хал-қадерімізше қызмет ете бере­міз», дейді жомарт жүрек Сейітжаппар Алшынбекұлы.

Ауыл әкімі Азамат Садықов жап-жаңа ғимарат тарту еткен аудан әкімдігі мен «Қайнар» ЖШС басшысына риясыз ал­ғысын жеткіз­ді. Ауылдың шаруа қожалықтары туған жердің өркендеуіне зор үлес қосып отыр­ған Сейітжаппар Нығметовке шапап жауып, сәйгүлік мінгізді.

Ауылына шарапат төгіп отыр­ған шаруашылық егін егіп қана қоймай, мал тұқымын асылдандырумен де жүйелі айналысып келеді. Жыл сайын отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы­на қажетті техниканың түр-тү­рін сатып алып отырады. Өйт­кені жұ­мыстың негізгі күші сол. Сейіт­жаппар Алшынбекұлы – қа­шаннан ауылдың әлеумет­тік жағ­дайына алаңдаған аза­мат. Ауыл­дағы дәрігерлік амбула­то­рия, Мәдениет үйі, мейрамха­на, монша, наубайхана – ша­руа­шылықтың қаржысына жа­салған игі істер. Ауылдағы бұқара­лық спортты дамыту үшін ке­шенді спортзал салып берген. Шаруа­шылық демеушілігімен мешіт те бой көтерген. Мемлекет-жеке­меншік серіктестігі арқылы бала­бақша да жұмысын атқарып отыр. Бұған қоса іргелі шаруашылық ауылдағы ел-жұртқа жұмыс беріп отыр.

 

Қарағанды облысы,

Нұра ауданы,

Қайнар ауылы