• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2015

Қолдау көрсетеді

249 рет
көрсетілді

Таяуда Киевте Украинаны қолдау жөнінде халықаралық конференция өтті. Онда қазақстандық делегацияны Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова басқарды. Ол ортақ сессияда сөйлеген сөзінде «Қазақстан Республикасы және Украина арасындағы екіжақты қатынастар дәстүрлі достас және өзара құрметпен, ізгі ниеттілігімен ерекшеленеді. Екі ел арасындағы ықпалдастықтың нығаюы мен дамуына президенттер Нұрсұлтан Назарбаев және Петр Порошенко кездесулері мен келіссөздері зор ықпал етті. 2014 жылы 22 желтоқсанда Киевке сапарының нәтижелері бойынша, Елбасы украиналық тараппен сауда-экономикалық ықпалдастықты белсендіру міндетін қойды. Сол себепті бүгін біз Қазақстан-Украина Экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссия шеңберінде жобаларды жүзеге асыруға ниеттіміз. МАК отырыстары барысында 2015-2016 жылдарға Қазақстан-Украина іс-қимылдар жоспарының жобасын талқылау көзделген, онда екі ел арасында отын-энергетикалық, агроөнеркәсіптік кешендерде, көлік, ғылым, білім және басқа салаларда ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылған», деді. Украинада қалыптасқан жағдайға байланыс­ты Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетуге уәде беріп, айтқан сөзінде тұрды. Биылғы 10 қаңтарда Северодонецк қаласында қазақстандық гуманитарлық көмек украиналық тарапқа 70 млн. теңгеге азық-түлік түрінде табысталған болатын. Сонымен қатар, Украина оңтүстік-шығыс өңірінің гуманитарлық қажеттіліктеріне Халықаралық қызыл крест комитеті арқылы 30 000 АҚШ доллары шамасында қаржылық көмек жіберілді. Қазіргі уақытта гуманитарлық көмектің жаңа жобасын жасағалы жатырмыз. Қазақстан Үкіметі «Укрытие» Чернобыль қорына қаржылай қолдау көрсетуге және Чернобыль атом электр стансасындағы халықаралық жобалардың толық аяқталуына миллион еуро сомасында үлесін беруге шешім қабылдады, деді Ж.Айтжанова.