• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2015

Соғыс жылдары Қостанайда мергендер дайындалғаны анықталды

765 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 1 мамыр. Бұл туралы деректі Қостанай облыстық архивінің қызметкерлері тапты. Спайпер мектебі Қостанай облысының Федоров ауданында орналасыпты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Соғыс жылдары жаудың бетін қайтаруда мергендердің орны ерекше болғаны аян. Сол үшін Қызыл Армияның тең жартысынан көбі осы  мергендікке дайындалды. Адамдарды жаппай оқытпаса  уақыт күтпейтін еді. Мергендер курсы мен мектептері құрылды. Қостанай облыстық архивінің  қызметкері Анна Корпухина толып жатқан ресми құжаттардың арасынан 1942 жылы Қостанай  облысының Федоров ауданында мергендер мектебі жөнінде Федоров аудандық атқару комитетінің қаулысын тауып алды. Облыстық  архив қызметкері Наталья Корпухина: «Екі айдың ішінде 60 адам мерген болып шығуы  тиіс.  Жаттығу өте қиын болды.  Мергендікке негізінен 1925-1927 жылы дүниеге келген жастар оқытылды», деді. Қостанай облысы соғыс жылдары басқа да мамандықтарды оқытып шығарды. Мысалы, сол жылдары 42 мың  адам әскери дайындықтан өтуі қажет болды. Сол жылдары атқыштар, пулеметшілер, танк атқыштары,  телеграфистов мен радистер оқып шықты. Алайда Федоров ауданында мергендер мектебінің қай жерде орналасқанын табылмады, ол туралы құжаттарда айтылмаған. Сонымен қатар снайперлік мектепте әйелдер немесе ер адамдар дайындалды ма—ол жағы да жұмбақ. Командир  есептерінен белгілі болғандай, майданға Қостанай облысындағы  мергендер мектебінде 100 адам оқып шығып, Отанды винтовкамен қорғады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz