Фото: istockphoto/peterschreiber.media
Қазір Қазақстанда бүкіл әлемдегідей ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың маусымдық өсуі тіркеліп отыр.
«Адам метапневмовирусы - көптеген елде ондаған жылдар бойы таралған вирустардың бірі. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде кеңістікте белсенді айналымда болатын инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталды», делінген министрлік хабарламасында.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басында республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустардан 8 360 үлгі зерттелген.
Оның ішінде оң - 1866 (22%), паратұмау – 178 (9,5%), РС вирусы – 433 (23,2%), метапневмовирус – 30 (1,6%), риновирус – 680 (36,4%), бокавирус – 113 (6,1%), аденовирус – 226 (12,1%), коронавирус – 206 (11,1%) анықталған.
Метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және кей жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы тарайды. Инфекцияның негізгі белгілері - жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы.
Министрлік вирустың нақты емі жоқ екенін айтып, симптоматикалық ем-шара қолдану керек екенін ескертті.