Бүгін Абай облысында сағат 06:00 шамасында ішінде 4 адам болған автокөлік Ертіс өзеніне құлап кеткенкенін хабарлаған едік. Төтенше жағдайлар министрлігі көліктің табылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
ТЖМ мамандары суға батып кеткен көлікті эхолоттың көмегімен тапқан.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ведомствоның 100-ден астам қызметкері жұмылдырылған.
Бұған дейін көлікте болған бір адамның өз бетімен жағаға жеткені айтылды. Көлік ішінде болған тағы бір адамның денесі табылды.
ТЖМ Ертіс өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.