• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2015

Қостанайда екі мектепке батырлар аты берілді

418 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 1 мамыр. Қазақстан Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі қаулысы бойынша елімізде бірқатар мектептерге Ұлы Отан соғысы батырларының  есімі берілді. Олардың арасында Қостанай облысындағы білім ошақтары да бар. Бұл туралы alau.kz хабарлады. Қостанай облысында екі мектептің аты батырлар  атында болады. Оның біреуі Жітіқара ауданындағы №9 орта мектеп Ұлы Отан соғысының батыры Естай Есжановтың  есімін алатын болады. Сондай-ақ Қостанай қаласындағы №5 орта мектепке Ұлы Отан соғысының батыры, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының есімі беріледі. Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы Василий Цымбалюк: «Қостанай қаласындағы №5 мектеп  панфиловшы, Москваны қороғауға қатысқан атақты батыр Бауыржан Момышұлының атымен аталатын болады. Бұл жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі  жақсы игі іс. Қазір құжаттар дайындалу үстінде», деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек: alau.kz Сурет: egemen.kz