Батыс Қазақстан облысында полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
1 қаңтарда Меловые Горки ауылы маңында болған қайғылы оқиғаны БҚО ПД өкілдері растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.
«Мой город» басылымы ақпаратынша жол апаты жарығы жоқ жолда болған, күдіктіге қызметтік тергеу тағайындалған, басқа мағлұмат жариялауға жатпайды.