• RUB:
    5.16
  • USD:
    530.24
  • EUR:
    543.97
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:30

ТЖМ қатарында 61 құтқарушы ит қызмет етеді

15 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда Қазақстан ТЖМ қатарында 61 аттестатталған  ит қызмет етеді. Бұл төрт аяқты құтқарушылар  аумақтық бөлімшелердің жедел-құтқару жасақтарында, Республикалық жедел-құтқару жасағында және әскери бөлімдерінде маңызды рөл атқарады, деп жазады Egemen.kz.

Олар тәжірибелі ит үйретушілердің жетекшілігімен жұмыс істейді және іздеу-құтқару жұмыстарына, соның ішінде үйінділер мен көшкіндер астындағы адамдарды іздеуге белсенді қатысады.

Қызметтік иттерді ыңғайлы орналастыру және үйрету үшін жасақтарда арнайы қоршаулар мен жаттығу алаңдары құрылған. Сондай-ақ өткен жылы құтқарушылардың иелігіне барлық жағдайы жасалған «Toyota Hilux» жаңа заманауи кинологиялық қызмет көліктері берілген. Кинологиялық есептоптардың дайындығын жоғары деңгейде ұстап тұру үшін жылына екі рет сертификаттық сынақтар өткізіледі, бұл кәсіби дағдыларды жетілдіруге және іздеу-құтқару жұмыстарында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Қызметтік иттердің қатарында лабрадор ретривері, неміс овчаркасы, бельгиялық овчарка, бордер-колли, ақ швейцариялық овчарка және голден ретривер тұқымдастары бар. Бұл тұқымдар керемет иіс сезуімен және қиын жағдайларда жұмыс істеу қабілетімен танымал. 2024 жылы кинологиялық есептоптар 100-ден астам іздеу-құтқару жұмыстарына қатысқан. 2023 жылы Түркия мен Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісі кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарында белсенді қызмет көрсеткен. 

Шығыс Қазақстандағы кинологиялық қызметті атап өтер болсақ, мұнда жедел-құтқару жасағының құрамында ТЖД қызметкерлерімен бес лабрадор мен ақ швейцариялық овчарка қызмет көрсетеді. Бұл төрт аяқты құтқарушылар өңірде көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келеді және құтқарушылардың сеніміне ие.

 «Біздің иттер іздеу жұмыстарында шешуші рөл атқарады, өйткені олардың өткір иіс сезу қабілеті адам кіре алмайтын жерлерде адамдарды табуға мүмкіндік береді. Құтқарушылардың нәзік сезімдері ондаған аспаптарды алмастырады және іздеу процесін едәуір жылдамдатады»,  дейді Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының кинологиялық қызметінің басшысы Наталья Дрожжина.

Лабрадорлар мейірімді табиғатымен және әртүрлі жұмыс жағдайларына тез бейімделу қабілетімен белгілі. ТЖД жасағының бас құтқарушы-кинологы Марина Цуканованың айтуынша қызметтік иттерді күтуге көп көңіл бөлінеді. Әрбір жануар кәсіби құтқарушылар сияқты арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етілген, бұл оларға барлық ауа-райында жұмыс істеуге мүмкіндік береді және жылу мен жайлылықты қамтамасыз етеді.