• RUB:
    6.03
  • USD:
    518.31
  • EUR:
    567.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қаңтар, 2025

Жайықтан ер адамның мәйіті табылды

107 рет
көрсетілді

Ер адам 21 қаңтар күні, таңғы төртте шығып кеткен. Туыстарына жолдаған соңғы хабарламасында Жайық жағасында екенін айтқан, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысының құтқарушылары хабар-ошарсыз кеткен 1968 жылғы азаматтың мәйітін Жайық өзенін тапты. 

Марқұмды іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің 9 құтқарушысы жұмылдырылып, 5 техника, 2 жүзу құралы мен 1 дрон тартылған. 

«Іздестіру-құтқару жұмыстары Жайық өзенінің Атырау қаласындағы Жұмыскер елді мекені тұсында жүргізілді. Сүңгуірлер 22 қаңтарда сағат 17:00-ден өзеннің түбін сүзуді бастады. Кеше кешкі 19:35-те ер адамның мүрдесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды», делінген облыстық ТЖ департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы таратқан хабарламада.