Сұхбат 19 Наурыз, 2025

Мемлекеттік сатып алу үдерісі реттеледі

50 рет
көрсетілді

Тауарлардың электронды каталогі (ТЭК) сатып алу үдерісіне тиімді әсерін тигізбек. Қаржы министрлігіне қарасты Электрондық қаржы орталығы басқарма төрағасының орынбасары Денис Свирскийге осы тақырып төңірегінде бірқатар сауалымызды қойған едік.

– Тауарлардың электронды каталогі қандай мақсатта қолға алынды?

– Басты міндет – тауарларды сатып алу үдерісін жеңіл­дету және оларды тез әрі ыңғайлы ету. Әуелгіде каталог тек мем­ле­кеттік сатып алуға қатысуға, яғни автоматты түрде каталогтен алынған тауарларға техникалық сипаттамаларды қалыптастыру үшін жасалған болатын. Алайда біз деректерді дұрыс және толық сипаттай отырып, тауар, жұмыс және қыз­меттердің бірыңғай жік­­телуі мен сәйкестігін қам­­титын мемлекеттік анық­­тамалықтың немесе каталог­тің жоқтығына байланыс­ты мәселеге бірнеше рет тап болдық. Арнайы талдау көрсеткендей, түрлі анықтамалықтар мен каталогтер бар екен.

– ТЭК жұмысы аясында қандай негізгі мақсаттарға жетуді көздеді және оның табыстылығын айқын­­дай­тын нақты өлшем бар ма?

– Аталған мәселенің ше­шімін іздеу барысында алдымызға ауқымды мақсат қойылды: цифрландыру арқылы тауарды өндіру/им­порттау сәтінен бастап оны түпкілікті сатуға дейінгі барлық циклдің ашықтығын қамтамасыз ету. Жобаның табысты болуы тек бір та­уар каталогін мемлекет пен бизнестің қолдануы арқылы анықталады.

– Каталог бизнес пен мемлекеттік органдар үшін тауарлар туралы ақпа­рат­тың ашықтығы мен қолже­тімділігін арттыруға қалай әсер етеді? Нақты мысалдар келтіре аласыз ба?

– Бұл – бизнес үшін чектердегі тауар туралы және бух­галтерлік жүйе­лерде ЭШФ туралы нақты әрі түсінікті ақпарат. Кей жағдайда чекте не жазылғаны түсініксіз. Өйткені әр дүкен тауарға байланысты терминологияны дербес жүргізеді. Сондай-ақ тауар кәсіпорынға немесе мемлекеттік органға түскен кезде жүйе автоматты түрде тауарды қайда тіркеу керегін көрсетіп, кемшілікке жол бермейді. Бұл өз кезегін­де мемлекеттік органға са­тыл­ған тауарлардың саны мен олардың елдегі бағасы туралы деректерді көруге мүмкіндік береді.

– Осындай тетікті енгізу арқылы заңнамада немесе сатып алу тәжірибесінде қандай оң өзгерістер болуы мүмкін?

– Бүгінде мемлекеттік сатып алуларда «Электронды дүкен» тәсілі жолға қойыл­ған. Бұрын осыған сәйкес сатылым үдерісіне тек төрт санат бойынша тауарлар қатыса алатын. Қазір каталогте ұсынылған барлық тауардың мемлекеттік сатып алуға қатысуға мүм­кін­дігі бар. Сондай-ақ Элек­трон­дық қаржы орталығы бірың­ғай оператор ретінде «Электронды дүкен агрегаторы» дейтін сауда алаң­дары арқылы сатып алу теті­гін әзірледі. Бұл сатыпалымды 15 минутқа дейін қыс­қартуға жол ашып, тауар келесі күннің өзінде жет­кізі­луі мүмкін. Мұның бәрі адам­ның қатысуынсыз автомат­ты түрде жүзеге асырылады.

– Рахмет.

 

Әңгімелескен –

Абай АЙМАҒАМБЕТ,

«Egemen Qazaqstan»