Осы күндері Тәжікстанда Наурыз мерекесіне орай «Navruz Youth World Festival» бүкіләлемдік жастар фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шарада 26 елдің жастары бас қосқан. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, халықаралық фестиваль мәдени сабақтастықты дамыту, Наурыз мейрамын жаңару мен достықтың символы ретінде насихаттап, БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған.
Фестиваль аясында білім беру, инклюзия, жұмыспен қамту және экология мәселелері мен жастар саясатының негізгі міндеттері талқыланды.Фестивальдің әр күні Тәжікстанның түрлі қалаларында өтеді. Іс-шара Душанбе, Айни, Пенжакент, Истаравшан және Худжанд қалаларында ұйымдастырылады. Фестиваль бағдарламасына білім беру және пікірталас алаңдары, стартап зертханалары, спорттық жарыстар, сондай-ақ мәдени ойын-сауық сынды іс-шаралар енгізілген.