Заң 27 Наурыз, 2025

Шымкентте есірткі тасымалдаумен айналысқан курьер ұсталды

206 рет
көрсетілді

Шымкентте 25 жастағы жігіт 1 кг есірткі тасымалдау кезінде қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.

Полиция одан есірткі және синтетикалық есірткілерді өткізуге арналған заттарды тәркілеген.Ұсталған күдікті есірткі таратумен айналысып, интернет-есірткі дүкені үшін ораушы әрі курьер қызметін атқарғанын мойындаған. 

«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір килограмға жуық. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.