Мың бір мысал 29 Наурыз, 2025

Жалғыздық

59 рет
көрсетілді

Көше бойымен жалғыздық ілбіп басып келеді. Айнала шуақты өлке, у-шу адамдар, әрлі-берлі жүйткіген кө­ліктер. Әу бастан кісіге үйір, көпшіл, сөзуар адамдар жат көрінетін. Үнсіздікпен күн батырып, таң атырыпты.

Ал... бір кездері өзі жат көретін қауымға еріп, азаншысы мен қазаншысы дамайласқан тірліктің жарапазаншыларымен ән шырқапты. Ең тұнжыр, ең өкінішті күндер... Бар болып көрінуге тырысыпты. Кімге көрінбек еді? Кімге сөйлемек еді? Ол өзін сөреде тұрған бір кітап қанамын деп елестетпеуші ме еді? Неге мыңжылдықтарға емес, арзан қоғамға ұнауға талпынған? Неге ұлтқа емес, қоғамға тіл қат­қан?

Қос-қос жұп, қос-қос жа­пы­­рақтар. Жалғыз қалудан қор­қатын өмірсүйгіш көрер­мендер. Көше бойындағы орындыққа отыра кетті ол. Кенет ішкі жа­ғынан біреу сөйлегендей болды. Қараса өзінің жаны, тілінген жаны пиязға қараған жанардай сыздағанын байқады. Дертті жан күрк-күрк жөтеліп тіл қат­­ты. «Талдан таяқ таянған сол бала, сәби жан мен едім ғой... мөлдір ойдың бақшасын­да құлаш ұрған кезім қайда? Мен­дегі алғаш тұтанған отты мәңгілік сөндірмей өтемін деген аңсарлы тілегің мызғығаны ма? Есіңде ме, алғаш көрпенің астына еніп, анам өлсе не істеймін, қалай өмір сүремін деп ойша анаң­ның өлгенін елестетіп жылаған едің ғой... Сосын бозала қырдың басында өскенде жақсы адам болып, күн сияқты әлем­ге жарық шашамын деп серт етіп едің. Түнде жәбірленгіш, әлжуаз қоян туралы ертегі айтылғанда «Ол неге жылайды? Неге қорғансыз?» деп мұңға батушы едің. Ал қазір қан­дайсың? Ешнәрсеге селт етпейтін болып бара жат­қаның қалай?...»

Жалғыздық көше бо­йына дамылдап, тыным алды. Бәрі бөтен көрінеді, бәрі өзгеріп кеткендей.