Жуырда Петропавлдағы ең ірі Dostyq mall сауда ойын-сауық орталығында полиция департаментінің үрмелі аспаптар оркестрі мен мәдени орталықтың вокалдық тобы тұрғындарды музыкалық шығармалармен қарсы алды.

Бағдарламада соғыс жылдарының әуендер, заманауи патриоттық әндер, эстрадалық классикалық туыындылар шырқалды. Барлық жастағы адамдар «Жеңіс күні», «Оныншы десанттық батальон» әндерін және балалық шақтарынан жақсы таныс басқа да әуендерді орындаған әртістерге қосылып, шырқап кетті. Ең соңында әртістер мен тұрғындар соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, вокалдық топтың барлық өнерпаздары бірігіп әйгілі «Жеңіс Күні» әнін орындады.
«Аталарымды еске алып, көзімізге жас келді. Осындай тамаша концерт үшін ризашылығымызды білдіреміз», - деді тұрғындар.