• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Тамыз, 2015

Балаларға – базарлық

419 рет
көрсетілді

Мыңдаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері тұратын «Саран» шағын ауданында  Көлік қызметкерлері күні қарсаңында 240 орындық балалар бақшасы ашылды. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған болатын. – Бүгін «Саранда» айтулы да маңызды оқиға болып жатыр. Ол – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынған заманауи балабақшаның ашылуы. Бірегей құрылыс қазіргі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің халықаралық үлгідегі барлық  талаптарын ескере отырып салынған, – деді балабақшаның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Камалиев. Бұдан кейін сөз алған сала ардагерлері Бертран Рубенштейн мен Марат Хамзин, Астана қалалық білім департаменті меңгерушісінің міндетін атқарушы Бағлан Сматаева бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Ата-аналар атынан сөз сөйлеген Магистральдық желі дирекциясының менеджері Алтынай Нысанбаева құрылысты жүргізген кәсіпорын мен оған тапсырыс берген Ұлттық компания басшыларына алғысын білдірді. Айта кету керек, балалар бақшасы соңғы үлгідегі талаптарға толық сай келеді. Жап-жаңа екі қабатты ғимаратта әртүрлі жас айырмашылығы бар топтарда жиырма баладан тәрбиеленеді. Олардың жатын орындары мен тәрбиеленетін залдары интерактивті тақталармен жарақтанған. Бассейн, музыка және гимнастика залдары, медициналық қызмет көрсету бөлмелері бар. Әр топқа арналған спорттық және ойын алаңдарымен қамтылған. Балабақша еден арқылы жылытылады. Ақылды «жарық» құралдары бар. Шкафтарда киімдер мен аяқ киімдерді кептіруге болады. Тамақтану және кір жуу бөлмелері соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Салалық әлеуметтік маңызы зор бұл нысан Астанадағы балабақша кезегін де азайта түседі. «Егемен-ақпарат».