Қазақстан әлемдік туристік рейтингте өз орнын жақсартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған индекс бойынша Қазақстан 119 елдің ішінде 66-орыннан 52-орынға көтерілді. Салалық ведомствоның пікірінше, бұл – туристік инфрақұрылымды дамыту, қауіпсіздік деңгейін арттыру және туристер үшін жайлылықты жақсарту бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Өткен жылы республикаға шетелден шамамен 16 миллион турист келген. e‑Qonaq жүйесінің деректеріне сәйкес, олардың басым бөлігі 30 бен 50 жас аралығындағы шетел азаматтары.
Қазақстанға жиі келетін туристердің негізгі елдері қатарында Ресей, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Германия және Оңтүстік Корея бар. Сондай-ақ араб елдерінен келетін туристер саны да артып келеді.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласына салынған инвестиция көлемі 1 трлн 256 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 32 пайызға артқан.
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді