• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 11:10

Трамп Иран құрамасының Әлем чемпионатына қатысуын орынсыз деп бағалады

10 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран футбол құрамасының алдағы Әлем чемпионатына қатысуын орынсыз деп бағалады. Биыл жазда өтетін турнир АҚШ, Канада және Мексикада ұйымдастырылады. Алайда Иран құрамасының жарысқа қатысатыны немесе қатыспайтыны жөнінде ФИФА тарапынан ресми шешім әлі жарияланбады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дональд Трамп өзінің «Truth Social» әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдіріп, Иран құрамасының турнирге қатысуы қауіпсіздік тұрғысынан күмән туғызатынын айтты.

«Иранның футбол құрамасы Әлем чемпионатына қатыса алады. Бірақ мен олардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін бұл турнирге қатысуын орынсыз деп санаймын», деп жазды АҚШ президенті.

Бұған дейін Иранның спорт министрі Ахмад Доньямали ел құрамасы Әлем чемпионатына қатыса алмайтынын мәлімдеген еді. Дегенмен елдің жарыстан бас тартқаны жөнінде ФИФА әлі ресми хабарлама таратқан жоқ.

Өз елінің әнұранын орындамай қойған Иран әйелдер құрамасы мүшелерінің тағдыры не болды?

Алдын ала жоспар бойынша Иран құрамасы G тобында Бельгия, Египет және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнауы тиіс еді. Команданың матчтары АҚШ аумағында – Лос-Анджелес пен Сиэтл қалаларында өтуі жоспарланған.

Қазіргі уақытта Иран құрамасының турнирге қатысу-қатыспау мәселесі ресми түрде нақтыланбаған. ФИФА-ның түпкілікті шешімі алдағы уақытта жарияланады деп күтіліп отыр.

Ең қымбат футболшы: «Болонья» клубы Омар Мұрадовты рекордтық сомаға сатып алды

Соңғы жаңалықтар