• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 17:52

Алматыда тәуелсіз байқаушылар штабының брифингі өтті

10 рет
көрсетілді

Алматыда республикалық референдум қарсаңында Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабының екінші брифингі өтті. Штаб дауыс беру кезеңіндегі жұмысты үйлестіру және қоғамды жедел ақпараттандыру мақсатында құрылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Брифинг барысында қатысушылар штаб жұмысының белсенді кезеңі басталғанын айтты. Ақпараттық алаң 14 наурыздан бастап жұмыс істеп, референдум өтетін күні бойы және дауыс беру қорытындылары толық жарияланғанға дейін қызметін жалғастырады.

Наурызнама онкүндігі аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафон өтеді

Ұйымдастырушылардың айтуынша, штабтың негізгі міндеті – азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын дауыс беру барысы туралы жедел әрі объективті ақпаратпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар жалған мәліметтер мен фейк ақпараттардың таралуының алдын алу үшін ақпараттың шынайылығын тексеруге ерекше назар аударылады.

Штаб жұмысының тікелей трансляциялары Independ.kz YouTube арнасында көрсетіледі. Ал жедел жаңалықтар мен анонстар Алматы қаласының Қоғамдық коммуникациялар орталығының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланып отырады.

Ерлан Қарин: Конституциялық реформа – қоғам бірлігі мен халық ынтымағының айғағы

Брифингте тәуелсіз бақылаушылар коалициясының құрамы да таныстырылды. Оның құрамына Алматы қаласында 2,5 мыңнан астам тәуелсіз бақылаушыны біріктіретін алты үкіметтік емес ұйым кірген.

Референдум күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Қазақстанның оннан астам өңірінен тікелей қосылымдар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл дауыс беру барысы туралы жедел әрі толық ақпарат таратуға мүмкіндік береді.

Орталық референдум комиссиясы үгіт жұмыстарының қашан аяқталатынын мәлімдеді

Брифингке қатысушылар азаматтарды референдум кезеңінде ақпаратқа жауапкершілікпен қарауға, арандатушылыққа ермеуге және тек сенімді дереккөздерге сүйенуге шақырды. Сондай-ақ азаматтардың дауыс беруге қатысуы демократиялық үдерістердің маңызды бөлігі екені атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар